08:05
Астық
Қазгидромет жаздық бидайдың пісу мерзімінің болжамын жариялады
Қазгидромет жаздық дәнді дақылдардың пісетін мерзімінің алдын ала болжамын шығарды. Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2025 жылы жаздық бидайдың астық егетін аймақтарда пісуі көбінесе әдеттегі фенологиялық уақытта болжанады.
Сонымен қатар, бірқатар аудандарда агрометеорологиялық жағдайлар егін жинау мерзімінде түзетулер енгізеді. Оның ішінде астықтың кеш пісуі күтілуде:
- Қостанай облысында - Б. Майлин ауданы;
- Ақмола облысында - Сандықтау, Бұланды, Бурабай аудандарында және Біржан сал ауданында;
- Павлодар облысында - Успен ауданында.
Бидайдың әдеттегіден ерте пісуі болжанады:
- Жетісу облысында - Қаратал ауданында;
- Павлодар облысында - Ертіс ауданында;
- Абай облысында - Үржар ауданында;
- Шығыс Қазақстан облысында - Шемонаиха ауданында.