10 сентября 2020 Астық

Қазақстанда 13,9 млн.тонна астық орылды

Бүгінгі күні Қазақстанда 11 миллион 745,1 мың гектар алқап жиналды, дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар егістігінің 74,4%. 13 миллион 943,7 мың тонна астық бастырылды. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Қазақстанда орташа өнім 11,9 ц/га құрады. 2019 жылы осындай күні 5 миллион 385,1 мың гектар (35,3%) жиналып, 6 миллион 012,6 мың тонна астық бастырылған еді.

Ақмола облысы жиналған өнім көлемі бойынша көшбасшы болып табылады - 3353,7 мың тонна. Облыс 3353,7 мың га (75,4%) жинады, өнімі - 10 ц/га.

Солтүстік Қазақстан облысында өнімділігі 14,5 ц/га болатын 3293,3 мың тонна астық бастырылды. 2271,3 мың га астық немесе 76% жиналды.

Қостанай облысында 10 ц/га өнімділікпен 3058,5 мың тонна жиналды. 3058,5 мың га немесе 75,5% жиналды.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында дәнді және бұршақ дақылдарын жинау толық аяқталды (816,6 мың тонна жиналды), ал Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында  астық науқаны аяқталуға жақын.