12 сентября 2020 Астық

Қазақстанда 15,1 млн. тонна астық орылды

12 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 12 млн 600,2 мың га дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар жиналды немесе егіс алқабының 79,8% орылды. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Бүгінгі күні диқандар 15 млн 159,6 мың тонна астық бастырды, орташа өнім 12,0 ц / га құрады.

Ақмола облысында 3857,3 мың тонна бастырылды. 3673,7 мың га (82,6%) жиналды. Аймақтағы өнімділік 10,5 ц / га құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында 3507,8 мың тонна бастырылды. 2419,2 мың га (81%) жиналды, өнімділік - 14,5%.

Қостанай облысында 3305,7 мың тонна бастырылды, 3305,7 мың га (81,6%) жиналды, өнімділік 10 ц / га құрады.

Айта кетер болсақ, астық өсірушілер бір тәулікте 592,6 мың тонна астық жинады.