11:11
Астық
Қазақстанда 26 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуда. Бүгінгі таңда 15,5 млн га немесе дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы көлемінің 96,8%-ы жиналды. Болжалды егін жинау алаңы 16 млн гектардан асады. 25,9 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Дәнді дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілері 2,7 млн тонна майлы дақылдар, 228,5 ц/га өнімділікте 2,9 млн тонна картоп, 305,1 ц/га өнімділікте 3,6 млн тонна көкөніс жинады.
319,3 ц/га өнімділікте 441,6 мың тонна қырыққабат, 429,4 ц/га өнімділікте 1029,8 мың тонна пияз, 296,1 ц/га өнімділікте 379,4 мың тонна сәбіз жиналды.