11:12 Астық

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 15,7 млн га немесе дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы көлемінің 97,9% (16 млн га астам) жиналды. 26,3 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәнді дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілері 3 млн тонна майлы дақылдар, 225,3 ц/га өнімділікте 2,9 млн тонна картоп, 305,1 ц/га өнімділікте 3,9 млн тонна көкөніс жинады.

331,7 ц/га өнімділікте 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікте 1047,7 мың тонна пияз, 296,4 ц/га өнімділікте 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.