13:50
Астық
Қостанай облысында астық және майлы дақылдарды өңдейтін бірнеше зауыт салынады
Қостанай облысында инвестициялар тарту жөніндегі кеңес өңірде іске асыру жоспарланып отырған жаңа жобаларды қарады. Жобалардың жартысына жуығы агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылатын болады. Бұл туралы аймақ әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
Әкімнің айтуынша, Кеңес бес ірі агроөнеркәсіптік жобаны талқылады:
- «Qostanai Grain Industry» ЖШС астықты терең өңдеу зауытын салу;
- Бейімбет Майлин ауданында дәнді және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеу кешенін, көкөніс сақтау қоймасын және көлік-логистикалық орталығын салу;
- Лисаковск қаласында май экстракциялау зауытын салу;
- Федоров ауданында «Eco Broiler Ltd» құс фабрикасының құрылысы;
- Рудный қаласында «Turan Sugar-Tobyl» қант зауытының құрылысы.
Бұған дейін Қостанай облысында мал шаруашылығы саласындағы 40,6 млрд теңгеге 133 жобадан тұратын пул құрылғаны хабарланған болатын. Оларды іске асыру шеңберінде 37,8 мың бас ІҚМ және 30,5 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарлануда.