ETS-те сапалы астықтың тонасына 87 мың теңге ұсынылуда
Бидай сатушылар биыл жиналған жаңа егіннің астығын Еуразиялық сауда жүйесінде сату үшін қайта оралды.
Осы айда алғаш рет 28 және 29 қыркүйекте ETS-те сатылымға лот шығарылды. Жеткізу шарты - EXW, бағасы ҚҚС-пен бірге ұсынылды.
3 ыныпты дәнмаңызы -23% және дән натурасы -710 болатын астықтың тоннасы 83 мың теңгені құрады,
3 ыныпты дәнмаңызы -25% және дән натурасы -730 болатын астықтың тоннасы 85 мың теңгені құрады,
3 ыныпты дәнмаңызы -27% және дән натурасы -760 болатын астықтың тоннасы 87 мың теңгені құрады,
ҚҚС-сыз дәнмаңызы -27% және дән натурасы -760 болатын астықтың тоннасы 77 679 теңгеден ұсынылды.
Лоттардың жалпы көлемі 24 мың тоннадан асты.
Алайда астықты сатып аламын деушілер болмады. Мүмкін бұл 4-ші сыныптағы арзан дәндерге сұраныстың көп болуынан туындаған шығар, оның үстіне Қазақстанда биыл бұл сыныптағы астық онша көп емес (диірмендердегі көлемі 10% -дан астам).