Өзбекстанға астық пен ұн тасымалдау тоқтатылды
Қазақстандық теміржолшылары Сарыағаш станциясы арқылы Орта Азияға жөнелтілуі тиіс вагондарға астық тиеуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы хабарлады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС вагондарды қабылдаушылар дайын еместігі және жүктердің шамадан тыс көптігі себеп болды. Теміржолшылар бекетте 8500-ден астам жүк тиелген вагондардың тіресіп тұрғанын хабарлады.
Экспорттаушылар үшін бұл тосын жағдай болды, өйткені қазір сауда-саттықтың ең қызған уақыты. Сонымен қатар, егер астық пен диірмен өнімдеріне тыйым 1 қазаннан 10 қазанға дейін енгізілген болса, көмірге, мысалы, 5 қазанға дейін салынған.
«Біздің қауымдастықта шамамен 150 компания бар», - деп түсіндірді KazGrain басқарма төрағасы Қанат Көбесов. – Барлық экспорттаушылар өтінімдерін алдын-ала берген болатын, негізінен өнімдерін Қытай мен Өзбекстанға шығаруды жоспарлаған еді. Бірақ қазірдің өзінде 30 қыркүйекте бекеттер жүктерді ресімдемей жатыр, яғни 1 қазаннан 10 қазанға дейінгі кезеңге тыйым салынғанын білдіреді. Біздің барлық тапсырыстарымыз тоқтап тұр, бұл шамамен 1500 вагонды құрайды.
Енді саудагерлер салынған тыйымды алып тастау керектігі жайлы өтініш жазып, тиісті органдарға жүгінуде, өйткені астық пен ұн саудасы осы көктемде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерден зардап шеккен болатын.