Қазақстанда астық қоры 14 млн тоннаға бағаланады
Қазақстанда дәнді және бұршақты дақылдар қоры 1 желтоқсанда 14 049 065 тоннаны құрап, бір айда 2,46 млн тоннаға азайған еді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, желтоқсан айының басында дәнді және бұршақты дақылдардың қоры 10 512 435 тоннаны, ал тұқым - 1 484 998 тоннаны және жем-2 051 633 тоннаны құрады.
Бұл астық қорында 10 896 168 тонна бидай сақталуда, оның 9 235 240 тоннасы - азық – түлік үшін, 1 154 972 тоннасы – тұқымға, 505 956 тоннасы-жемге арналған.
Жүгері қоры 256 203 тоннаны (60 998 - азық - түлікке, оның ішінде 11 046 тұқымға, 184 160 – жемге), күріш 337 419 тоннаны (299 530 -азық- түлікке, 37 889 - тұқымға), арпа 2 163 748 тоннаны (712 906 - азық – түлікке, 229 012 – тұқымға, 1 221 831 –-жемге), қарақұмық 24 085 тоннаны (19 123-азық-түлік, 3 201-тұқым, 1 761-жем) құрайды.
Дәнді дақылдардың арасында ең көп қор Ақмола облысында - 4 453 559 тонна жиналды, Солтүстік Қазақстан облысында-3 236 975 тонна, Қостанай облысында - 2 916 028 тонна, Қарағанды облысында - 789 150 тонна және Шығыс Қазақстан облысында - 649 017 тонна сақталуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР-да 20 млн 839,4 мың. тонна астық және бұршақ дақылдары жиналды. Экспорттық әлеует 7 - 7,5 млн тонна көлемінде бағаланады.