Қазақстан кейбір ауыл шаруашылығы өнімдерін республикадан сыртқа шығаруға тыйым салды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Қаржы Министрінің бірлескен 2020 жылғы бұйрығына сәйкес республикадан кейбір азық-түлік тауарларын экспорттауға уақытша тыйым салынады.
Республикадан қазіргі уақытта сыртқа әкетуге болмайтын тауарлар тізіміне картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қарақұмық жармасы және қант кіреді.
Хабарламада айтылғандай, аталған бұйрық «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі ҚР Заңының 18-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 22-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-қосымшасына сәйкес шығарылған.
Жоғарыда аталған ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа әкету 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тыйым салынады.