Батыс Қазақстанда ноқат дақылын себу басталды
Өткен демалыс күндері Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының алқаптарында ноқат дақылын себу жұмыстары басталды.
АШТС ғалымдары атап өткендей, ноқат-құрғақшылыққа төзімді бұршақ дақылы, сондықтан Батыс Қазақстанның құрғақ далалы астық егетін аймағы үшін нағыз қолайлы өнім болып табылады.
«Көктем мезгілі соншалықты қолайлы болмауда, ауа температурасы әртүрлі болып өзгеріп тұр. Күн сайын қатты жел соғады, бірақ ауа райының жақсарғанын күтіп отыратын уақыт жоқ», — дейді станцияда.
Аталған дақылдың артықшылығы топырақты қосымша өңдеуді қолданудың қажеті жоқ, өсімдік жоғарғы қабатты өздігінен қопсытады, сондай-ақ дәнді дақылдарға арналған тамаша азық ретінде жерде азотты жинақтайды.
Алайда, мұндай артықшылықтарға қарамастан, ноқатта кемшілік бар, өнімнің нарықтағы бағасы тұрақсыз. Осыған байланысты фермерлер оны бірде себеді, бірде сеппейді. Бұл бұршақ дақылдарының тұқымына әсер етіп, сұраныстың тұрақсыздығын тудырады, сөйтіп, Орал аграршыларының жұмысына кедергі келтіреді.
«Өкінішке орай, осындай жағдайларға байланысты біз «Юбилейный» ноқатының сортын жоғалтып алдық, өйткені ол республика аумағындағы ең үздік дақыл деп танылған еді», — деп түйіндеді станцияда.
Биылғы жылы онда «Сокол» сорты егіледі, ол 2015-2017 жылдары Орал АШТС-та экологиялық сынақтан өтті. Аталған сорт орташа мерзімде піседі, вегетациялық кезеңі 81-87 күнге созылады. Кебуге, құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Биіктігі:1000 тұқым салмағы-223-291 г., ақуыз мөлшері 24,7% дейін. Бұршақтар тегістелген, тамаша тағамдық сапасы бар.