Ауыл шаруашылығы министрлігі астық пен ұн экспортына квоталарды ұзартуды жоспарлап отыр
Қазақстанда бидай мен ұн шығару квоталары 1 қыркүйекке дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін журналистерге ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.
Қазақстанда экспорттық шектеулер әзірше 15 маусымға дейін қолданылады және жұмсақ бидай үшін 1 млн тоннаны, ұн үшін 300 мың тоннаны құрайды. АШМ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған шектеулерді ұзарту талқылануда.
"Квота ұзартылатын болады. 15 маусымда бұл квотаның мерзімі аяқталады. Жалпы квотаның 1 млн тоннасының 40% таңдап алынды. Ұн бойынша осы уақыт ішінде шамамен 70% таңдалған. Қазір біз талдау жүргізіп жатырмыз, квоталау ықтималдығы жоғары 1 қыркүйекке дейін ұзартылатын болады", – деді Ербол Қарашөкеев.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майын экспорттауға шектеулерді ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын 1 шілдеге дейін белгіленген күнбағыс тұқымдарын экспорттауға арналған квоталар 30 қыркүйекке дейін ұзартылады деп жоспарлануда. Бұл ретте әкетуге рұқсат етілген өнімнің жалпы көлемі 125 мың тоннадан 140 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Күнбағыс майының экспортына шектеу қою мерзімі 31 тамызға дейін (бұрын 1 маусымға дейін болған) ұзартылды. Квота көлемі өзгерген жоқ – 114 мың тонна.