Қостанай облысында тұқымды субсидиялауға өтінім қабылдау басталды
11 мамырда Қостанай облысында тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
Аталған өтінім қабылданса, еңбеккерлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына сатып алған тұқымдарына кеткен шығындардың 70%-ы өтелетін болады.
Сонымен қатар нақты сатып алған элиталық тұқымдар үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындарын 70% - дық мөлшерде өтеу қарастырылған. Бұл ретте субсидиялар дақылдың егіс алқабының 15% - нан аспайтын алаңға сатып алынған элиталық тұқымның көлеміне төленеді.
Нақты түрде сатып алынған бірінші репродукциялы тұқымдар үшін аграршылардың шығындарын өтеу 50% мөлшерінде болады, бұл ретте субсидиялар егіс алқабының 20% аспайтын алаңға сатып алынған бірінші репродукциялы тұқымның көлеміне төленетін болады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жүгері, рапс және (немесе) күнбағыс тұқымдарына сатып алуға жіберген шығындарының 50%-ы өтеледі.