Қазақстан ет өнімдерімен әлемдік нарыққа шығуға ниетті
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ет экспорты бойынша ветеринарлық талаптарды бірнеше елмен келісім жүргізуде. Сондай-ақ, Қытай мен Ресейге мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы ElDala.kz порталына Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Қазақстандық кәсіпорындардың мүдделілігі негізінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстаннан тірі жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді келесі елдерге әкелуге ветеринарлық талаптарды ұсынуға қатысты сауалдар жолдады: Катар (сиыр еті, субөнімдер), Вьетнам (сиыр еті), Сингапур (ет, ет өнімдері), Оңтүстік Корея (ет, ет өнімдері), Австралия (құрғақ сүт), АҚШ (ет және ет өнімдері), Иран (цисты Артемия Салина), БАӘ (цисты артемия Салина). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазіргі уақытта уәкілетті ведомство Қазақстан, Түркия, Гонконг және АҚШ ветеринарлық қызметінің баламалылығын тану бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстаннан Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етінің экспортын ашу мәселесі пысықталуда.
Қытаймен ірі қара малдың терісіне қойылатын инспекциялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттама келісілуде, сондай-ақ Қытайға экспорттауға рұқсат етілген балықтардың (жабайы кәсіпшілік балықтар) тізбесін кеңейту жоспарлануда.
"Қытай тарапымен ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір аурулары бойынша бұрын енгізілген уақытша шектеулерді алып тастау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2022 жылғы маусымда Қытай тарапы ұсынған қой мен ешкі шешегі бойынша материалдарды талдау аяқталғанын ресми түрде хабардар етті. Шектеулерді алып тастау үшін соңғы кезеңде ҚХР Бас кеден басқармасы өкілдерінің көшпелі инспекциясын жүргізу қажет. Ауыл шаруашылығы жануарларының аусылы бойынша 2022 жылғы 21 Маусымда Қытай тарапына ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруын жою және алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат жіберілді", - деп нақтылады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Ведомствоның мәліметінше, ет экспорты нарығын ашу бойынша жұмыс ресей тарапымен де жүргізілуде.
Тақырып бойынша оқу: 9 мың тоннадан астам қазақ еті Өзбекстанға кетті
Бүгінгі күні шет елдердің тізіліміне Қазақстаннан 3188 экспорттаушы кәсіпорын енгізілген, оның ішінде: 2839 - ЕАЭО тізілімінде, 91 - ҚХР, 48 - ЕО, 143 – Өзбекстан тізілімінде, 11 - БАӘ, 34 - Жапония, 8 - Түркия, 4 - Корея, 10 - Сауд Арабиясы Корольдігі.