Қазақстаннан тірі малды шығаруға тағы жарты жылға тыйым салынды
Қазақстанда Ауыл шаруашылығы министрі мен Қаржы министрінің бірлескен бұйрығымен тірі малды алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынады.
"Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102), тірі қойлар мен ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстан неге Өзбекстанға мал сатқысы келмейді
Тірі малды әкетуге тыйым салу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдады. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа квота беруді ұсынды: 30 мың бас бұқа (4,4%) және 60 мың қой (5%).
Статистика деректері бойынша 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда ІҚМ басы 9,9 млн басты құрады, оның ішінде 4,5 млн бас сиыр. Ағымдағы жылдың төлі -3,1 млн бас.