Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқалар мен қойларды әкетуге квоталар жариялады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚР аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасын дайындады, оған сәйкес бұқалар мен қошқарларды әкетуге шектеулер енгізіледі. Бұл туралы ElDala.kz Ашық НҚА сайтында жарияланған бұйрық жобасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"2023 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін: Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 мың бас көлемінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)", - делінген құжатта.
Сондай-ақ Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қошқарларды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) 120 мың бас мөлшерінде шектеулер енгізіледі.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.