АШМ аналық малды әкетуге тыйым салуды алты айға ұзартты
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 430 және Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы бірлескен бұйрығымен "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді.
"Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басында Қазақстанда көрші республикаларға жаппай шығарылғаннан кейін тірі малды әкетуге тыйым салынды. 2021 жылы ҚР-да аналық мал басын әкетуге тыйым салынды, ол бірнеше рет ұзартылды. Ал жаңа жылдан бастап бұқашықтар мен қошқарларды шығару үш ай мерзімге квоталанатын болады.