Сары май өндіруге субсидиялар өткізілгеннен кейін төленетін болады
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау қағидаларына кезекті түзетулер пакетін әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
"Дайын өнімді өткізу фактісі бойынша субсидиялар төлеу көзделеді, бұл субсидиялаудың ақпараттық жүйесінен тартылатын электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. Ақпараттық жүйеде электрондық шот-фактуралардың болуы сары май өндіру фактісін растайды және алаяқтық үшін ешқандай мүмкіндіктерге жол бермейді деп болжанады", - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұдан басқа, қайта өңдеушілерді мемлекеттік қолдау қағидаларына басқа да түзетулер енгізілетін болады. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша міндеттемелерді енгізу көзделеді, оларды сақтамау кәсіпорындарды одан әрі субсидиялаудан бас тартуға әкеп соғады.
"Субсидияларды жосықсыз алушыларға қатысты тиісті ден қою шаралары көзделеді, мысалы, белгілі бір уақыт кезеңіне субсидия алушылардың тізілімінен шығару және т.б.", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.