СҚО-ның тағы бір қаласында бруцеллёзге байланысты карантин жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысы Бидайық ауылдық округінің әкімі бруцеллез ауруына байланысты Өндіріс ауылына карантин жариялады. Бұл тиісті шешім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жазылған.
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Өндіріс ауылындағы бруцеллез ауруына байланысты ірі қара малға шектеу шаралары салынсын», - делінген құжатта.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Дмитриев ауылында бруцеллез ауруына байланысты карантин жарияланған болатын.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылы ауыл шаруашылық малдарының аса қауіпті инфекцияларын жұқтыру жағдайлары азайған.
Бруцеллез - ауруы жануарлар мен өңделмеген сүт өнімдері арқылы адамға берілетін зоонозды инфекция. Ол адам ағзасының мүшелері мен жүйелерін зақымдайды.