Қазақстан Қытаймен ет экспортына шектеулердің күшін жоюды талқылауда
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытаймен ет экспортына шектеулерді алып тастау мүмкіндігін, сондай-ақ басқа өнімдермен сауданың өсу мүмкіндігін талқылауды жалғастыруда. Қытайдың Қазақстандағы елшілігінде ҚХР Бас кеден басқармасының (БКБ) өкілдерімен кездесуде кезекті келіссөздер өтті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Бауыржан Абызбаев отандық компанияларды экспорттаушылар тізіліміне енгізе отырып, ветеринариялық қызмет жүйесіне аудит жүргізуге және қазақстандық кәсіпорындарды инспекциялауға дайын екендігін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Тараптар балық өнімдерін экспорттауға екіжақты ветеринариялық сертификатты келісуді және мал шаруашылығы тауарлары бойынша уақытша шектеулерді алып тастауды талқылады.
Өз кезегінде АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің басшысы Берік Манасов ҚХР БКБ өкілдерімен күнжара, бұршақ және жасымық экспортын ұлғайту мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ, қытай тарапынан сұлы/жарма және қызылша целлюлозасы бойынша тәуекелдерді бағалау талдамасын алу туралы болды.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстан алты айда 83 миллион долларға ет экспорттады
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында ҚХР-ға сапары кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сауда тәсілдерін қайта қарауды және елдің барлық аумағынан экспортты шектемей, эпизоотиялық қауіпсіздік бойынша екі елдің аймақтандырылуын тануға көшуді ұсынды. Яғни, Қазақстан қауіпті аурулар бойынша қолайлы деп танылған облыстардан ет экспортын ашуды ұсынды. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның бес аймағын (Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстары) вакциналарды қолдана отырып, аусыл бойынша қолайлы деп таныды. Осыған байланысты министр ҚХР-ға мұздатылған ет жеткізуді қайта бастауды, сондай-ақ ветеринариялық талаптарды және салқындатылған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, ІҚМ терісі мен қосалқы өнімдерге арналған хаттамалар жобаларын қарау бойынша келіссөздерді бастауды ұсынды. Бүгінгі таңда бұл мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданған жоқ.