Бір жылда Қазақстанда жылқы саны 8,5% -ға өсті
Қазақстанда 1 шілдедегі есеп бойынша өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда жылқы саны 8,5% -ға өсті, ал ешкі саны -3,7% -ға азайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Аталған статистикаға сәйкес, барлық шаруашылықтардағы жылқы саны 8,5% -ға артып, 1 шілдедегі жағдай бойынша 3372,5 мың жылқы болған.
Ірі қара мал басы 4,5% -ға өсіп, 9031,1 мың басты құрады; түйе малы - 4% -ға артып, 246,4 мың бас мал болған; шошқа - 0,7% -ға өсіп, 969,8 мың бас; қой - 2,5% -ға артып, 22,1 млн.болған.
Сонымен қатар, ешкі саны 3,7%-ға азайып, 2890,1 мың бас мал болды.
1 шілдедегі есеп бойынша ірі қара малдың 55% -ы үй шаруашылықтарында тіркелген. Ірі қара малдың 36,3%-ын шаруа немесе фермер қожалықтары және жеке кәсіпкерлер ұстайды; 8,7% -ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында.
Бұл есеп қойда- 53,1%, 41,7% және 5,2%; ешкі - 68,3%, 30,9% және 0,8%; шошқа - 65,5%, 9,7% және 24,8%; құс еті - 32,1%, 1,3% және 66,6%.
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 2020 жылдың қаңтар-маусымында мал мен құстың барлық түрлерін сою 3,5% -ға өсті және 900,2 мың тоннаны құрады. Сиыр сүтін өндіру 3% -ға 2967,3 мың тоннаға дейін өсті.
Тауық жұмыртқасының өндірісі 5,6% азайып, 2602,1 млн дана болды.