БҚО-да малдың жаппай қырылуы орын алды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ІҚМ жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі уақытта мамандар мал өлімінің себебін анықтауда. Фермер Бақыт Балабаевтың айтуынша, бұл оқиға вакцинациядан кейін болған. Сарапшылар эмкардың өршуіне күдіктенеді.
«Жамбас, кеуде және мойын аймағында қан кетеді. Алдағы 2-3 күнде мал өледі», - деді Бақыт Балабаев.
БҚО ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашевтың айтуынша, ауданда ІҚМ қырылуы қазан айында тіркелді.
«Қазан айында өлген үш малдың үш материалы тапсырылды. Нәтиже (эмкарға) теріс болды. 30-ы өлген малдың екі материал тапсырылды. Нәтижені 8-10 күннен кейін күтеміз. Малдар ақсап жатты. Біз эмкардан күдіктенеміз. Бірінші рет солай болды, эмкарға күдіктендік», - деп атап өтті Кенжебек Аймашев.