Ақмола облысында мал шаруашылығына берілетін субсидияны қайта санайтын болады
Ақмола облысының әкімдігі «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялардың мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізді. Жаңа жарлықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлағандай, аталған жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкес субсидиялардың мөлшерін қайта есептеуді, сондай-ақ мемлекеттік негізгі салалар мен мен басты міндеттерге берілетін субсидияны қайта бөлуді қарастыратын болады.
Аталған құжатқа сәйкес мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 1 миллиард 985 миллион 598,082 мың теңге бөлу жоспарланған. Осы салаға тағы 306 250 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін болады.
Сонымен қатар, мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруға 2 608,834.918 мың теңге сомасында субсидия берілетіні анықталды. Осы бағытқа тағы да жергілікті бюджеттен 1 693,760 мың теңге бөлу жоспарланған.
Мал шаруашылығы бағытындағы әр салаға бөлінетін субсидия жайлы толық ақпаратпен мына сілтемеден оқып білуге болады