Қазақстанда 1 500 бас малы бар мал шаруашылығы кешендеріне жасалатын мемлекеттік сараптама жеңілдетілді
Қазақстанда 1 500 басқа дейін малы бар мал шаруашылығы кешендерін салудағы мемлекеттік сараптама жеңілдетілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мал шаруашылығы кешендерін (сүт, шошқа фермалары және т.б.) салу кезінде міндетті түрде жасалатын сараптамадан өту процедурасын жеңілдету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жіктеу тәртібін айқындайтын Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады»-деп мәлімдеді басқарма.
Атап айтсақ, 1 500 басқа дейін малы бар мал кешендерін техникалық тұрғыдан күрделі объектілер санатына жатқызбау ұсынылды. Бұл фермерлерге мал шаруашылығы кешендерінің жобалық-сметалық құжаттамаларына және техникалық-экономикалық негіздемелеріне мемлекеттік сараптама жүргізбеуге мүмкіндік береді, бұл рәсімдеулерге өте ұзақ уақыт жұмсалатын.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қолдау тауып, тиісті өзгертулер жасалып, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен мақұлданғанын атап өтті.
«Осылайша, малдың саны 1,5 мыңға дейін (қоса алғанда), сүт, ет өнімдері, бордақылау алаңдары бойынша мал шаруашылығы кешендерінің және фермаларының, сонымен қатар мал басы 10 мыңға дейін (қоса алғанда) шошқа фермаларының жобаларына сараптамадан өту енді қажет емес », - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл шара мал шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді және фермерлердің шығындарын едәуір азайтады», - деп түйіндеді баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мал сатып алуға несие берудің кепілдік саясатын өзгертті, сонымен қатар фермалар мен бордақылау алаңдарына несие алуға өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартты. Енді малды 1: 1 өтімділік коэффициентімен сатып алуға болады. Сонымен қатар, фермерлер субсидия алғаннан кейін, кепілдік 15% болады. Қалған 85% сатып алынған малмен қамтамасыз етіледі.