22 января 2024 Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрлігі малды экспорттауға квоталарды бекітті

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықты бекітті, онда бұқалар мен қошқарлардың алдағы алты айға экспортына квоталар айқындалды.

Қазақстан аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квоталар 60 мың басты (бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілер үшін 30 мыңнан), алты айдан асқан қошқарларды - 120 мың басты (бордақылау алаңдары үшін 30 мың және тауар өндірушілер үшін 90 мың) құрайды.

Бұл ретте бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына лимит 4 мың бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 500 бастан аспайды.

Қошқарларды әкетуге квота алу үшін бордақылау алаңына лимит 1000 басты, ал бір тауар өндірушіге – 500 бастан аспайды.

Квоталарды бөлу экспортқа лицензия беру кезінде автоматты түрде жүргізіледі.