Ауыл шаруашылығы министрлігі балықты өңдеуге субсидиялар енгізеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау қағидаларын әзірледі. Олар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Ережені бекіту туралы бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, балық шаруашылығының әлеуеті 270 мың тоннаға дейін өсірілген тауарлық өнімді құрайды, бұл жан басына шаққандағы тұтыну деңгейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көлемге дейін көтеруге мүмкіндік береді және шамамен 14,6 кг құрайды. Қосымша құны жоғары терең өңделген өнімдердің көлемі де артады, бұл өз кезегінде салық салу негізін көтерір, әлеуетті инвесторлар үшін саланың тартымдылығын арттырады.
2030 жылға қарай үш нысаналы индикаторға қол жеткізу жоспарланған:
- балық өсіру көлемін жылына 6,9 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту;
- балық өнімдерін тұтынудың өсуі жылына 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін көбейту;
- балық ресурстарының табиғи популяциясының 7%-ға өсуі.
Мақсатқа жету үшін мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды енгізу әзірленді.
«2021 жылдан 2030 жылға дейін қаржыландыру: республикалық бюджеттен - 56 405 млн теңге, жергілікті бюджеттерден – 144 387 млн теңге. Барлығы РБ және ЖБ - 200 792 млн теңге», - делінген бұйрыққа түсіндірме жазбада.