Ақмола облысында AGCO Corporation форель фермасын салуда
Ақмола облысында америкалық AGCO Corporation қатысуымен форель өсіруге арналған балық фермасы салынуда. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Ағымдағы жылы Ақмола облысында американдық AGCO Corporation компаниясының қатысуымен қуаттылығы жылына 500 тонна болатын форель өсіруге арналған жабық балық өсіру кешенін салу жобасы мақұлданды. Бірінші транш бойынша қаржы бөлінді», - деді министр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ақтөбе облысында жылына 1500 тонналық «Мұрагер-2» ЖШС балық өсіру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 75%-ға аяқталды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жасалуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстанда көл шаруашылығына арналған техника мен құрылғылардың 25% -ына дейін субсидия берілетінін атап өтті. 2019 жылы 6 шаруа қожалығына 450,1 млн.теңге көлемінде субсидия берілді.
«ҚазАгро» балық өсіруге, оның ішінде экспорттық өнімдерді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға несие береді.
Соңғы 10 жылда балық өсіретін 13 жоба қаржыландырылды, 13,9 млрд.теңгеге қуаттылығы 3,26 мың тонна болатын өндірістер салынды.