18 августа 2020 Мал шаруашылығы

АШМ балық шаруашылығына субсидия бөлуді арттырады

Қазақстан субсидия беретін балық түрлерінің тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Министрлік субсидияланатын жем түрлерінің қатарына жайын және ақ сақа балық түрлерін қосу арқылы тізімді кеңейту мәселелерін қарастыруда. Аквамәдениет секторын ынталандыру үшін республикалық бюджеттен арнайы трансферттер беру орынды деп санаймыз, өйткені қаражат жергілікті бюджеттер деңгейінде ғана қалып отыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Ол аталған саланың дамуын қолдау мақсатында 2018 жылдан бастап балық өсіру үшін жемді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Балықтардың кейбір түрлеріне субсидия беріледі, олар: тұқы, бекіре,албырт. Бағдарлама жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда.

«Биыл 430 миллион теңгеге қолдау көрсетілді. Қазіргі уақытта 30-ға жуық балық өсіру кәсіпорны субсидиялармен қамтылған», - деді министр.

Сондай-ақ, ол бизнес және «Атамекен» ҰКП ұсыныстары бойынша, 2020 жылғы 4 тамызда Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестицияларды субсидиялау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық шығарды. Сыйымдылығы 20 тонна сумен жабдықталған және балық өсіру үшін 40 тонна болатын торлы фермаларды салу құнының 25% -на дейін субсидиялау қарастырылған.

«Аталған субсидиялау шаралары балық шаруашылығына көлеңкеден шығып, саланың  мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай жасайды», - деді С.Омаров.