Экология министрлігі балық шаруашылығын субсидиялау туралы ұсынысты қолдады
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атыраудағы ірі балық өндірісінің өкілдерімен кездесуде балық шаруашылығын субсидиялау туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
М.Мырзағалиев атап өткендей, Қазақстанда ауланған балықтың шамамен 30% - ы немесе 13 мың тонна осы өңірге тиесілі. Бұл аймақта 20 табиғат пайдаланушы өз қызметін Каспий теңізінің екі ірі балық шаруашылығында -Жайық және Қиғаш өзендерінде жүзеге асырады. Балық шаруашылығымен қатар балық аулауды дамытуға да көңіл бөлінеді. Каспий теңізіндегі балық санының өсуімен оны аулау артуы мүмкін.
Өз кезегінде кәсіпкерлер жеңілдіктер мен субсидиялар енгізу туралы ұсыныс жасады. Министр бұл бастаманы қолдады.
«Бұл мәселені Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі сияқты басқа да мүдделі –жауапты мемлекеттік органдармен бірге қарастырып, келісу керек. Сондықтан, тиісті өзгерістер енгізу үшін сіздерден нақты есептер қажет. Орман және жануарлар дүниесі комитетіне осы мәселелерді сіздермен бірге қарастыруды тапсырамын. Егер сіздер көтерген мәселелер шешілсе, балық аулаудың әлеуеті-мүмкіншілігі артады, ал кәсіпкерлердің жұмысы жақсарады», - деді М.Мырзағалиев.
Сонымен қатар, министр сала өкілдерін премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен 24 қыркүйекте Шардарда өтетін балық шаруашылығы бойынша республикалық семинарға қатысуға шақырды.
Экология министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жыл сайын 30 мың тонна балық өнімдерін алыс және жақын шетелдердің 36 еліне экспорттайды: негізінен балық филесі, кептірілген ысталған өнімдер және мұздатылған балық ұшалары. Өнеркәсіпте 1000-нан астам балық шаруашылығы субъектілері бар, олар 1646 балық аулау қоймалары мен олардың учаскелеріне бекітілген. Өнеркәсіпте 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүзеге асырылады. Елде балық өсіруге арналған келешегі бар су қоймалары бар, мұнда жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады.