09:15 Мал шаруашылығы

Екі облыстың ауылдарында мал ауруларына байланысты шектеулер енгізілді

Қарағанды және Қостанай облыстарының ауылдарында мал ауруларына байланысты шектеулер қойылды.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Черниговка ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруы шықты. Ауыл аумағында: шектеулер белгіленген аумақ арқылы жануарларды алып жүруге (айдап әкетуге); сау жануарларды әкелуге; жануарларды союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан әкетуге жол берілмейді.

Сондай-ақ, қолайсыз аумақта шөп, сабан және басқа да ірі жемшөптерді басқа аумаққа әкету үшін дайындауға уақытша тыйым салынады. Жануарлардың немесе адамдардың жиналуына байланысты іс-шараларға жол берілмейді.

Қарағанды облысында Нұра ауданында орналасқан Кәрім Мыңбаев ауылындағы ІҚМ-де туберкулез анықталды. Ауылда шектеу шаралары енгізілді.