ФАО Қазақстанға ветеринариялық диагностикаға арналған генетикалық анализаторды сыйға тартты
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Ветеринария бойынша Ұлттық анықтамалық орталыққа Applied Biosystems компаниясы шығарған SeqStudio Flex 8 жоғары дәлдіктегі генетикалық анализаторын берді. Жабдық сібір жарасы, эмкар және бруцеллез сияқты қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін қолданылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз ФАО-ның қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасы рухында өнімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз. Жаңа анализатор аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарын дәл молекулалық-генетикалық сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Патогендердің генотиптелуі олардың таралу көздері мен жолдарын анықтау үшін маңызды, әсіресе эпизоотиялар мен трансшекаралық қауіптер жағдайында», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сондай-ақ жабдық бактериялық дақылдарды сәйкестендірудің негізгі әдістерінің бірі - 16S rRNA генінің реттілігін жүргізуді қолдайтынын атап өтті. Сенімді техникалық қолдау және шығын материалдарын тұрақты жеткізу SEO Studio Flex 8-ді ветеринарлық зертханалық тәжірибеде қолдану үшін оңтайлы шешім етеді.
Қазақстан мен ФАО ынтымақтастығы шеңберінде іске асырылатын «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасы адам денсаулығы, жануарлар және қоршаған орта мәселелерін біріктіреді.