14:07 Мал шаруашылығы

Еуропадан ІҚМ импортына қатысты мәселелер Қазақстанда ТСФ іске қосылуын тежейді

Ағымдағы жылы СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы шеңберінде 141 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 200 млрд теңге көзделген. Бүгінгі таңда өңірлерге 22 жобаны қаржыландыруға 30 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ол 2023-2024 жылдар қаражаты есебінен облыс әкімдіктерімен 178,5 млрд сомаға 155 жоба қаржыландырылғанын, оның ішінде бүгінде 57 жоба (жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна сүтті құрайтын 48 ТСФ, сақтау көлемі 43 мың тонна болатын бес көкөніс қоймасы, 572 га алаңда суару бойынша үш жоба, 25 мың басқа бір бордақылау алаңы) іске қосылғанын хабарлады.

«Облыс әкімдіктері 21,5 млрд теңге көлемінде қалған қаражатты игеруді жалғастыруда», - деді министр.

Оның айтуынша, бірқатар өңірлер бойынша жобаларды уақтылы пайдалануға беру қамтамасыз етілмеген. Атап айтқанда, 2023 жылы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары артта қалған өңірлерге айналды, 2024 жылы Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің нашар игерілгені байқалды.

Сонымен қатар, ол ТСФ пайдалануға беруді кешіктірудің негізгі себебі Еуропа елдерінен Ресей мен Беларусь арқылы (блютанг, аусыл) мал транзитіне тыйым салу болып табылатынын атап өтті.

«Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, 2025 жылға көзделген қаражат әкімдіктерге мәлімделген жобалардың қаржыландыруға дайындығы бойынша транштармен жіберіледі. Бүгінгі таңда өңірлерге жоспарланған 200 млрд теңгенің 30 млрд теңгесі 22 жобаны қаржыландыруға бағытталды (жоспар – 141 жоба). Іске асырылып жатқан жобаларды уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуіңізді сұраймын», - деді АШМ басшысы әкімдерге.