Қарағанды облысында 10 мың тауық өсіретін құс фабрикасы ашылды
Нұра ауданында орналасқан Ахмет ауылында «Кугабаев Н.С.» шаруа қожалығы құс фабрикасын іске қосты. 10 мың тауыққа арналған кешен жылына 100 тонна ет және 350-400 мың жұмыртқа өндіре алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында хабарланды.
Аталған жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер 20 млн. тенге салды. Дайындық жұмыстары кезінде ауданы 1300 шаршы метр болатын бос ғимарат қалпына келтірілді. Қуаттылығы әртүрлі 36 бірлік инкубациялық жабдық, тауық өсіруге арналған 80 брудер, құстарды ұстауға арналған 50-ден астам тор және өнімділігі сағатына 150 бас болатын модульдік құс фабрикасын сатып алдық.
Қазір аталған орында 900 балапан, 500 кобб тауықтары бар. Олар 50-60 күн бойы өсіріледі. Мұнда маньчжур бөденелері де өсіріледі. Олардың саны 2500-ге жетті, сонымен қатар фабрикада тауық тұқымдарының желісі бар, олар: Брама, Амрокс, Кучинская және Гейсекс. Кобб 500 тауықтан басқаларын қоспағанда, тауықтардың барлық түрі осында жұмыртқа және балапан алу үшін өсірілетін болады.
Құс шаруашылығы кешені толығымен автоматтандырылған. Өндірісте сегіз жергілікті тұрғын жұмыс істейді, тағы үш бос жұмыс орны бар.
Шаруашылық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен ынтымақтастықта екенін атап өткен жөн. Университет тауықтарды күтуде, балапандарды өсіруде, жемшөптерде және ветеринария саласында кеңес беріп,түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жоба экологиялық таза өнім алуға бағытталғандықтан, барлық талаптар орындалады.
Болашақта өнімді Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларының базарларына шығару жоспарланып отыр.