Ауыл шаруашылығы министрлігі АШЖБ базасындағы ақпаратты түзету тәртібін өзгертті
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және одан үзінді беру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу Қағидаларына өзгерістер енгізді.
АШМ бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мынадай мәліметтер түзетуге жатады:
- ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;
- түрі;
- ауыл шаруашылығы жануарларын піштіру туралы мәліметтер.
Сондай-ақ ЖСН, БСН-дағы бос орындарды жоюға болады.
Ветеринария саласындағы жауапты маман құжаттар тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде дерекқорда өзектендіруге (түзетуге) мәлімделген мал иесі туралы және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды.
Жануарлардың түрі және піштіру туралы мәліметтерді түзету үшін жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен тексеру баруы жүргізіледі.
Өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді деректер қорында электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетке жіберіледі не деректер қорынан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі.
Түзетуден бас тартқан жағдайда жануарының иесіне он жұмыс күні ішінде хабарлама келеді, бұл ретте оған алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.