Қазақстанда аналық мал басын әкетуге тыйым салу ұзартылды
Қазақстан ірі қара мал мен ұсақ мал басын әкетуге тыйым салуды жарты жыл мерзімге ұзартты. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы 11 қазанда күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылдың 15 мамырынан бастап бұқашықтарды әкетуге тыйым салынған. Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімімен қазан айында бұл тыйым алты айға ұзартылды. Қошқарларды белгіленген 120 мың бас квота шеңберінде экспорттауға рұқсат етілген.