Алматы облысына мыңға жуық асыл тұқымды құнажындар жеткізілді
Дания мен Ресейден Алматы облысының Талғар ауданына голштин-фриз және джерси тұқымды сүтті ірі қара малдың 956 басы жеткізілді. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Асыл тұқымды құнажындар «Алматы асыл тұқымды зауыты» кооперативінің өндірістік қорына жеткізілді. Қазіргі уақытта шаруашылықта голштин-фриз тұқымды 2593 бас асыл тұқымды мал бар. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кәсіпорын 7420 тонна сүт өндірді, бұл ретте бір сиырға орташа сауым 4230 килограмды құрады.
2025 жылы «СҚО тәжірибесі» бағдарламасы аясында кооператив 3 млн 480 мың теңге көлемінде жеңілдікті несие алып, тауарлы-сүт фермасын кеңейтуге кірісті.
Желтоқсан айының басында шаруашылыққа Ресейден 443 бас ірі қара әкелінді, оның ішінде голштин-фриз тұқымының 152 басы және джерси тұқымының 291 басы.
Сонымен қатар, Даниядан тағы 513 бас асыл тұқымды ІҚМ (161 - джерси және 352 - голштин) жеткізілді.
Әкімдіктің мәліметінше, ферманы кеңейту бойынша жобаны іске асыру аудан деңгейінде сүт өндіру көлемін екі есеге арттыруға, ал облыс бойынша сүт өнімдерін өндіру мен жеткізуді 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың соңына дейін «Алматы асыл тұқымды зауыты» шетелде сатып алынатын асыл тұқымды құнажындардың жалпы санын 2 мың басқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Болашақта қосымша ірі қара мал партияларын жеткізу жоспарлануда.