08:00 Мал шаруашылығы

Қазақстанда жайылымдарды дамытуға жылдық 6%-бен «Жайлау» несиесі іске қосылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отарлы мал шаруашылығын қолдауға арналған «Жайлау» жаңа кредиттік өнімін әзірлеуде.

Ол 2026-2030 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде іске қосылатын болады.

Жылдық 6% несие 300 бас ІҚМ немесе 1000 бас қой өсіретін шаруашылықтар құруға арналған.

Несиелік ресурстардың мақсаты келесідей:

              •             базалар мен қашалар салу;

              •              жылжымалы тұрғын вагондарды сатып алу;

              •               күн панельдерімен қамтамасыз ету;

              •              жайылымдарды суландыру және қоршау;

              •             интернетке қосылу;

              •              жұмысшыларға арналған тұрғын үй құрылысы.

«Бұл тәсіл шалғайдағы жайылымдарды игеруге және халықты ауылдық жерлерге тартуға бағытталған», - деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Кешенді жоспарды іске асырудың барлық бес жылы ішінде 250 млрд теңге сомасында (жылына 50 млрд теңгеден) «Жайлау» несиелерін беру көзделіп отыр.