02 апреля 2026 Мал шаруашылығы

Сырым Ертаев Еуразиялық ет одағын басқарды

Қазақстанның Мал өсірушілер одағының басқарма төрағасы Сырым Ертаев Еуразиялық ет одағының (ЕЕО) басқарма төрағасы болып сайланды. Сайлау 27 наурызда Шымкентте өткен Digital Qazaqstan форумы аясында өтті.

Форум аясында Қазақстанның Мал өсірушілер одағы ресми түрде Еуразиялық ет одағының құрамына кірді.

Мал өсірушілер Одағында атап өткендей, ЕЕО-на қосылу туралы шешім агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастықты дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық өндірушілердің Еуразиялық нарықтағы орнын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық ет одағына Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның салалық бірлестіктері кіреді.