08:05 Мал шаруашылығы

Қазақстанда сиыр етін экспорттаушыларға қойылатын талаптар жеңілдетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа түзетулер енгізді. Құжатта экспорттық квота алуға өтініш беруге құқылы сиыр етін өндірушілерге қойылатын талаптар жеңілдетілген.

Квота мөлшері мал бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты анықталады:

  • қуаттылығы 500 бас ІҚМ – квота мөлшері 100 тонна;
  • 1 мың бастан - 200 тонна;
  • 2 мың бастан - 400 тонна;
  • 3 мың бастан - 600 тонна;
  • 4 мың бастан - 800 тонна;
  • 5 мың бастан - 1 мың тонна;
  • 10 мың бастан - 2 мың тонна;
  • 15 мың бастан - 3 мың тонна;
  • 20 мың бастан - 4 мың тонна;
  • 50 мың бастан - 10 мың тонна;

Сиыр етінің экспортына квота өзінің бордақылау алаңының мал басын пайдаланатын ет өңдеу кәсіпорындарына, сондай-ақ ет өңдеу кәсіпорнымен жасалған шарт негізінде қайта өңдеуді жүзеге асыратын қуаты кемінде 5 мың бас қуаттылығы бар бордақылау алаңдарына бөлінеді.

Сонымен қатар, келесі критерийлерге сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар (экспорттық компанияларды қоса алғанда) квота алуға құқылы болады:

  1. сыртқы сауда келісімшарттарының болуы;
  2. ірі қара малда радиожиілік белгісі (RFID) бар құлақ белгілері түріндегі сәйкестендірудің болуы;
  3. ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорында тіркелген, бордақылау мерзімі кемінде төрт ай болатын, жасы кемінде 12 айлық ірі қара малдың болуы;
  4. жеке ет өңдеу кәсіпорны бар субъектілер үшін – біржолғы қуаты кемінде 500 бас ІҚМ болатын, есептік нөмірі бар меншікті бордақылау алаңының болуы; өзінің ет өңдеу кәсіпорны бар немесе өңдеу шарты негізінде бөгде ет өңдеу кәсіпорындары арқылы экспортты жүзеге асыратын бордақылау алаңдары үшін — кемінде 5 мың бас ІҚМ болуы;
  5. бөлу кезіндегі квота көлемін есептеу бір басына 200 килограмм орташа сою салмағына байланысты анықталады;
  6. бордақылау алаңдарына олардың белгіленген қуатының 20%-нан аспайтын көлемде 18 айлық малды қабылдауға рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, сиыр етіне экспорттық квоталар 2025 жылдың желтоқсанында ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету және сиыр етінің бағасын тұрақтандыру үшін енгізілді.