Орал қаласында халықаралық қой шаруашылығы фестивалі өтеді
23 және 24 мамырда Орал қаласында «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» екінші халықаралық фестиваль өтеді. Тұңғыш Президент алаңында Қазақстан, АҚШ, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстаннан қой шаруашылығы саласының өкілдері жиналады.
Фестивальді «Ауыл партиясы» ұйымдастырады. Кездесу орны кездейсоқ таңдалмады - Батыс Қазақстан облысы танымал еділбай қой тұқымының отаны болып табылады.
Фестиваль сала сарапшыларының кездесу орнына ғана емес, сонымен қатар жарқын мерекелік іс-шараға айналады: алаңда қой жүнінен жасалған киімдердің сәнді көрсетілімі, дефиле, табиғи қой терісінен жасалған костюмдер байқаулары, коллекциялар сату ұйымдастырылады. Жетекші аспазшылардың қатысуымен қой мен қозыдан жасалған тағамдардың аспаздық байқауы және қой етінен жасалған тағамдарды жылдам жеуге арналған байқау өтеді. Қазақтың «Тазы» және «Төбет» тұқымдарының көрмесі өтеді.
Сондай-ақ шеберлік сыныптары мен жарыстар жоспарланған: қой қырқу және қой ұшасын бөлу.
Мал өсірушілер қой шаруашылығының жетістіктері көрмесіне, асыл тұқымды қошқарлар аукционына және қой шаруашылығы форумына бара алады.
Фестиваль ұлттық ойындармен сүйемелденетін болады, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.
«Фестиваль жарқын этномәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар инвестиция тарту және қой шаруашылығын Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі саласы ретінде ілгерілету үшін тиімді платформа болады», - деп атап өтті «Ауыл партиясы».