АШМ сиыр етінің импортына квота бөле бастады
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қазаннан 1 қараша айына дейін сиыр етін шетелден әкелуге квота беру үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай ішінде 2020 жылы сиыр етін импорттауға берілген 9 240 тонна көлемінде тарифтік квоталардың қалған мөлшерін беру үшін өтінімдер қабылдайды.
Аталған квотаны алу үшін келесідей құжаттарды тапсыру қажет:
• ірі қара мал етінің қажетті көлемін көрсететін, сондай-ақ дайын өнімнің әр түрі бойынша өндірісте пайдаланылатын шикізат көлеміндегі ірі қара мал етінің үлесін көрсететін белгіленген нысандағы өтініш;
• өнімді қабылдау және жөнелту туралы статистика органдарына кәсіпорынның есеп беруінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (немесе тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, көшірмесі) (жеке кәсіпкерлер үшін - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есеп нөмірін беру туралы анықтама) өткен жыл үшін.
Сұрақ туындаған жағдайда келесі телефон нөмірімен хабарласуға болады 8 (7172) 55-58-21.