2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында ірі қара мал басы 390,9 мыңға жетті
ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2020 жылдың 1 наурызында республикадағы ірі қара мал басы 7,8 млн. болды, ал 2020 жылдың 1 қаңтарында 7,4 млн болған еді, бұл 390,9 мың малға артық болып саналады.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 наурызындағы осы мерзімдегі көрсеткішкпен салыстырғанда, 7,5 млн.бас ірі қара мал саны 305,9 мыңға артқан.
Өңірлердегі мал басының саны төмендегідей.
Ірі қара мал саны мына облыстарда өскен :
- Ақмола ― 430,2 мың малдан 471,8 мың малға дейін;
- Ақтөбе ― 493,5 мыңнан 498,5 мыңға дейін;
- Алматы ― 1,028 млн.-нан 1,075 млн.-ға дейін;
- Атырау ― 173,4 мыңнан 171,1 мыңға дейін.;
- Батыс Қазақстан ― 591,5 мыңнан 610,3 мыңға дейін.;
- Жамбыл ― 423,1 мыңнан 431,7 мыңға дейін;
- Қарағанды ― 549,2 мыңнан 589,3 мыңға дейін.;
- Қостанай ― 462,4 мыңнан 473,4 мыңға дейін.;
- Қызылорда ― 332,4 мыңнан 335,0 мыңға дейін;
- Маңғыстау ― 19,8 мыңнан 21,6 мыңға дейін;
- Павлодар ― 426,6 мыңнан 464,3 мыңға дейін.;
- Солтүстік Қазақстан ― 366,5 мыңнан 442,3 мыңға дейін;
- Түркістан ― 1,053 млн.-нан 1,095 млн.-ға дейін;
- Шығыс Қазақстан-1,005 млн-нан 1, 073 млн.-ға дейін;
- Алматы қ. - 2,5 мыңнан 2,7 мың малға дейін.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілген мерзім ішінде ірі қара мал саны сол деңгейде өзгеріссіз ― 0,3 мың мал болып қалған.
Ірі қара мал басы шамалы қысқарған жалғыз өңір Шымкент қаласы болып саналады: 80,7 мың бас мал 2020 жылдың 1 наурызында 71,9 мың малға дейін қысқарған.
Жалпы алғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың ақпараты бойынша, соңғы 5 жылда ірі қара мал басы 23,3% - ға артқан. Агро өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында фермер-малшылардың жаңа санатын құру, фермерлік шаруашылықтардың санын 20 мыңнан 65 мыңға дейін өсуін қамтамасыз ету және ірі қара мал санын 11,2 млн басқа дейін арттыру жоспарлануда.