Ақтөбе облысында мал шаруашылығын субсидиялауға 9,3 млрд теңге бөлінеді
Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруға 2021 жылы 9 млрд 352 млн 59 мың теңге көлемінде субсидия бөлінеді.
Облыс әкімінің қаулысы бойынша ет және сүт бағытындағы ірі қара мал өсіруде мемлекеттік қолдау көрсету үшін биыл 3 млрд 920 млн 34 мың теңге бөлінеді. Оның ішінде отандық асыл тұқымды саулық малды сатып алуға 617 250 мың теңге, ТМД мен Украинадан әкелінетін мал басына 607 500 мың теңге беріледі. Мал бордақылау орындарындағы 1 000 бастан кем емес жерге немесе тәулігіне 50 бас соя алатын ет өңдеу кәсіпорындарына өткізетін бұқалардың құнын арзандату үшін 445 334 мың теңге бөлінеді.
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал өсіруге берілетін субсидия көлемі 928 475 мың теңгені құрайды. Атап айтқанда, сүт өндірудің өзіндік құнын төмендету үшін 600 бастан тұратын сиыр ұстайтын шаруа қожалықтары 506 250 мың теңге, ал 50 бас малы барларға - 7 млн теңге, ауылшаруашылық кооперативтеріне - 4 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау беріледі.
Жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларына бөлінетін субсидия 208,52 млн теңге, қой өсіруге 875,030 млн теңге, жылқы өсіруге 20 млн теңгені құрайды.