2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында үй құстарының саны 613,2 мыңға азайды
ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасындағы үй құстарының саны 44,6 млн болып, 1 қаңтардағы 45,2 млн құспен салыстырғанда 613,2 мыңға азайған.
Аймақтардағы үй құстарының саны төмендегідей.
Құстардың саны азайған облыстар:
- Ақмола — 8,1 миллионнан 7,7 миллионға дейін;
- Ақтөбе — 1,3 миллионнан 1,3 миллионға дейін;
- Атырау — 455,5 мыңнан 400,8 мыңға дейін;
- Жамбыл — 1,7 миллионнан 1,6 миллионға дейін;
- Қарағанды — 4,0 миллионнан 3,7 миллионға дейін;
- Қызылорда — 126,3 мыңнан 115,0 мыңға дейін;
- Маңғыстау — 39,7 мыңнан 20,4 мыңға дейін;
- Солтүстік Қазақстан — 4,6 миллионнан 4,5 миллионға дейін;
- Түркістан — 2,2 миллионнан 2,1 миллионға дейін;
- Шымкент — 1,1 миллионнан 877,4 мың басқа дейін.
Ал республиканың бес облысында үй құстарының саны артқан.
- Алматы — 10,311 миллионнан 10,334 миллионға дейін;
- Батыс Қазақстан — 1,442 миллионнан 1,490 миллионға дейін;
- Қостанай — 4,266 миллионнан 4,667 миллионға дейін;
- Павлодар — 1,695 миллионнан 1,730 миллионға дейін;
- Шығыс Қазақстан — 3,875 миллионнан 4,033 миллионға дейін.
Нұр-Сұлтан қаласында (0,1 мың құс) және Алматы қаласында (5,7 мың құс).
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 наурызындағы көрсеткішпен салыстырғанда 43,7 миллион құс саны биылғы жылы 797,8 мың құсқа немесе 1,8% -ға көбейді.
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта республикада құс етінің импорт үлесі 44,7% құрайды. Құс шаруашылығының ет секторын дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылға қарай үй құс етін 100% жеткізуге қол жеткізу үшін бірқатар ынталандыру шараларын жасауды жоспарлап отыр.