Жезқазғанда құс фабрикасы салынады
Жезқазған өңірінде азық-түлік өндірісі бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде қуаттылығы жылына мың тоннаға дейін өнім шығаратын құс фабрикасын салу жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жезқазғанда 530 жұмыс орнын ашатын екі жоба жүзеге асырылады. Жылына қуаттылығы 60 мың тоннаға дейін көкөніс өсіретін жылыжай шаруашылығы салынады», - деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров.
Тақырыпқа байланысты оқу: Азық-түлік корпорациясы құс өсірушілерге жемді арзан бағамен бере алмайды
Сонымен қатар, Сәтбаев қаласында 660 тонна көкөніс сақтайтын жылыжай мен құс етін өңдейтін сою цехы салынады. Цех жылына 5 мың тоннаға дейін ет өңдейді.
«Ұлытау ауданында мал шаруашылығы саласында үш әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бұл 23 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ауданда екі мал шаруашылығы және бір азық базасы ашылатын болады», - деп хабарлады Асқар Санаубаров.
Жобаларды жүзеге асыру алдағы 5 жылға жоспарланған. Өндірісті іске қосу өңірдің азық-түлік нарығын жергілікті ет және көкөніс өнімдерімен толықтыруға мүмкіндік береді. Нысандардың құрылысы есебінен 600-ден астам жұмыс орны ашылады.