Астық пен ұн экспортына шектеулер күшіне енді
Ауыл шаруашылығы министрінің бидай мен ұн экспортын квоталау туралы бұйрығы бүгін, 8 шілдеде күшіне енді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі квоталар бөлуге өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жариялады.
Экспортқа шектеулер қыркүйек айының соңына дейін қолданылады және бидай мен меслинді - 550 мың тонна, бидай мен қара бидай ұнын-370 мың тоннаны құрайды.
Бидай экспортына квота бөлуге азық-түлік корпорацияларын EXW "Франко элеватор" шартымен экспорттауға мәлімделген көлемнің 116 мың теңге/тоннасының (ҚҚС-мен) белгіленген бағасы бойынша 10% сатқан өтініш берушілер жіберіледі. Ұнды әкету кезінде міндетті түрде ішкі нарыққа өткізу туралы талап жоқ.
Квоталарды бөлу фитосанитариялық сертификаттарды беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың "e-Agriculture" (БАБЖ АЖ) бірыңғай автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылады.
Бұған дейін Қазақстанда 1 млн тонна көлемінде астық пен 300 мың тонна көлемінде ұн экспортына шектеу 19 сәуір мен 15 маусым аралығында қолданылған болатын.