Қазахстанға жарты жылда $1 млрд бидай экспортталды
2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстаннан Орталық Азия елдеріне бидай жеткізу елге $597,7 млн әкелді. Бұл туралы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы бірінші жартыжылдықтағы есебінде хабарлады.
Осылайша, астық үлесі кезең ішінде Орталық Азияға қазақстандық экспорттың жалпы көлемінің төрттен бір бөлігін ($2,5 млрд) құрады. Негізгі алушы – Өзбекстан. Қазақстан бұл өңірден $1,1 млрд өнім, оның ішінде $108 млн көкөніс импорттады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Орталық Азия үшін қазақстандық бидайдың экспорттық бағасы тоннасына шамамен $325 құрайды.
Жалпы, 2022 жылдың бірінші жартысында қазақстандық бидайдың экспорты $959,1 млн құрады, бұдан басқа, негізгі экспорттық шикізаттық ауыл шаруашылығы тауарлары қатарына зығыр ($201,1 млн), күнбағыс тұқымы ($74,4 млн), арпа ($71,6 млн), мақта талшығы ($37,9 млн), кептірілген бұршақ ($36 млн) кірді.
Сонымен қатар, шикізаттық емес ауыл шаруашылығы тауарларының үлкен көлемі сыртқы нарыққа жөнелтілді: $334,2 млн ұн, $176,7 млн күнбағыс майы, $58,8 млн маргарин, $38,9 млн макарон өнімдері.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізаты экспортының жалпы көлемі жарты жылда $1,5 млрд (2021 жылдың бірінші жартысына+30%), ал шикізаттық емес ауыл шаруашылығы тауарлары $1,1 млрд (+66,4%) сомасына құйылды.