Еуроодақ қазақстандық астық пен майлы дақылдарға баж салығын енгізуі мүмкін - Қожаназаров
Еуропалық фермерлердің тоқтаусыз наразылықтары аясында Еуропалық одақ Ресей мен Беларуссиядан астық импортына баж салығын енгізуге дайындалуда. Дәнді дақылдардың метрикалық тоннасы үшін 95 еуро, сондай-ақ майлы дақылдар тұқымдары мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне 50% баж салығы.
Бұл жағдай Қазақстан үшін қауіп төндіреді, өйткені біздің еліміз астық пен оның өңделген өнімдерін Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне экспорттаушы болып табылады, деп санайды мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров.
«Қазақстандық астықты және оның өңделген өнімдерін экспорттау үшін еуропалық нарықтардың маңыздылығын ескере отырып, мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне тиісті сауал жолдадым. Жауапты органдар Еуропалық Одақтың уәкілетті органынан түсініктеме алуы және қажет болған жағдайда қазақстандық астыққа импорттық баждың таралуына жол бермеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдауы үшін», - деп Айдарбек Қожаназаровтың сөзін Respublica партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Депутаттың Еуроодақпен бастамашылық жасаған талқылауының қорытындысы бойынша қазақстандық астық өнімінің Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитіне тікелей рұқсат беретін ұсыныс жобаға енгізілді. Қазіргі уақытта Еуроодақтың қазақстандық тараптың ұсынысын бекіту рәсімі күтілуде.
«Баж біздің ауылшаруашылық өндірушілерден Еуропа елдеріне астық экспортын біржола тоқтата алады және Еуропадағы дәстүрлі нарықтарды жоғалту қаупі бар. Ал ішкі нарықта ұсыныстың көп болуынан баға төмендейді. Бұл өз кезегінде сол көрші елдердің ішкі нарықтағы демпингіне алып келеді», - деді депутат.