ҚТЖ екі айда 4,3 млн тонна жоспардан 2,2 млн тонна астық экспорттайды
ҚТЖ компаниясы 4,3 млн тонна көлемінде қыркүйек-қазан айларына астық тасымалдау жоспарын келісіп, оның 3,6 млн-ы экспортқа шығарылды. Алайда, жаңа егіннің астық тасымалының нақты көлемі 2,2 млн тонна деңгейінде күтілуде. Компанияда бұл элеваторларға тиеудің төмен қарқынымен және Қытайдың шектеулерімен түсіндірілді.
ҚТЖ-да жоспарлардың орындалмауының себептері элеваторлар мен астық қабылдау пункттерінің тиеу ресурстарының тозуы, кірме жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі және жұмыс істеп тұрған элеваторлардың жартысына жуығында өз локомотивтерінің болмауы деп аталды.
«Осы жағдайларды ескере отырып, барлық элеваторлар мен АҚП тиеу қуаты тәулігіне орта есеппен 600-650 вагонды немесе айына 1-1,2 млн тоннаны құрайды. Өз тарапынан компания қараша айына 2 млн тоннадан астам тасымалдауды жоспарлауға дайын, оның ішінде экспортқа - 1,7 млн тонна», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қабылдаушы тараптың мүмкіндіктеріне байланысты қытай бағытында шектеулер сақталады. ҚТЖ астықты түсірудің, сынамаларды талдаудың ұзақ рәсімдерін атап өтті, бұл ретте ҚХР кеден қызметі тек күндізгі уақытта жұмыс істейді. Осының салдарынан ҚХР-ға астық жүктерін әкетудің барынша мүмкін болатын ай сайынғы көлемі жүк сапасының сәйкестігі және Қытайдың жүк алушыларында қолданыстағы лицензиялардың болуы шартымен шамамен 150 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, қыркүйек айының басында ҚХР барлық астық жүктерін бонд аймағына қабылдауды тоқтатты, содан кейін астықты қабылдаудан және қайтарудан бірқатар бас тартулар болды. Нәтижесінде қайтаруға 360-тан астам вагон жеткізілді.
«Контейнерлерде астықты қабылдауды шектеуді ескере отырып, тәулігіне екі құрамнан екі түйіспеге (Алтынкөл және Достық) және кедендік рәсімдер мен жүк талдауларынан өту бойынша уақытша кідірістерді ескере отырып, Қазақстан аумағында контейнерлік поездар жиналады. Бұл инфрақұрылымды жұмыспен қамтуға әкеледі және басқа бағыттардағы тасымалдауға әсер етеді. Осыған байланысты, жолаушылар және жүк пойыздарының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету және магистральда құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі уақытта Компания астық жүктерін контейнерлерде тиеуді реттеуге мәжбүр», - деп хабарлады ҚТЖ.
Сонымен қатар, компания қазақстандық астықты Орталық Азия нарықтарына жеткізу екі айда 30%-ға өскенін атап өтті.
«Қыркүйек-қазан айларында осы бағытта астық жеткізілімінің өсуі 1 млн тоннадан астам немесе өткен жылдың деңгейіне 30%-ды құрады (2023 жылы 782 мың тонна). Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау жаңартылды - екі айда 2023 жылдың 9 айында 222 мың тоннаға қарағанда 250 мың тоннадан астам жөнелтілді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының порттары арқылы да, Балтық жағалауы арқылы да Еуропалық Одақ елдеріне тасымалдау басталды, Түркияның жаңа нарығына тасымалдау қарқын алуда», - деп хабарлады ұлттық компанияда.