Қазақстандық фермерлердің 7,9 млрд. теңге несиесін төлеуді кейінге қалдыру мақұлданды
«ҚазАгро» және оның еншілес компаниялары аграршыларға 7,9 млрд. теңге несие мерзімін ұзартуды мақұлдады. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Бұл туралы бүгін үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
Пандемия кезінде фермерлерді қолдау үшін «ҚазАгро» АҚ арқылы несиелер мен лизингті төлеуді кейінге қалдыру қарастырылған.
«Қазіргі уақытта 7,9 млрд. теңгеге 2200 өтінім мақұлданды, яғни бұл соманы төлеу кейінге қалдырылған. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері «ҚазАгро» еншілес ұйымдарына - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен «ҚазАгроҚаржы» қорына жүгінуі керек. Несие төлеу шарттарына байланысты сұрақтар жеке-жеке шешілетін болады» — деді Омаров.
Сонымен қатар, басқарма басшысы аграрлық қолхатты енгізу туралы айтты. Бұл механизм фермерлерге банктік емес және саудалық қаржыландыруды тікелей істеуге мүмкіндік береді, олардың бағалауы бойынша, өсу әлеуеті жылына 70% дейін жетіп, 200 млрд. теңгені құрайды.
Бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Руслан Дәленов агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары ретінде ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін, «ҚазАгро» несиелерін қайта жасау тетіктері енгізілетіндігін мәлімдеді. Ауылшаруашылық өнімдерін кепілдендірілген сатып алу шарттары екінші деңгейдегі банктерде сенімді кепіл ретінде қабылданатын болады.